Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында алынған табыстар ескеріледі.
Есепке мыналар енгізіледі:
– еңбек қызметінен алынатын табыстар;
– жалақының барлық түрлері (кесімді, мерзімді), сыйақылар, қосымша төлемдер, үстемақылар, ынталандырушы және өтемақы төлемдері (ақшалай түрде) қаржыландыру көзіне қарамастан;
– еңбек заңнамасында, еңбек немесе ұжымдық шартта, сондай-ақ жұмыс берушінің актілерінде көзделген төлемдер;
– кәсіпкерлік қызметтен алынатын табыстар.