Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде соңғы 6 айда Қазақстан Республикасының аумағында алынған табыстар ескеріледі.
Есепке мыналар енгізіледі:
– еңбек қызметінен алынатын табыстар — жалақының барлық түрлері (кесімді, мерзімді), сыйақылар, қосымша төлемдер, үстемақылар, ынталандырушы және өтемақы төлемдері (ақшалай түрде);
– еңбек заңнамасында, еңбек немесе ұжымдық шартта көзделген төлемдер;
– кәсіпкерлік қызметтен алынатын табыстар.